Бекболат Тілеуханға жедел жәрдем шақырылды

/uploads/thumbnail/20180910143346548_small.jpg

Бекболат Тілеуханға жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Талғат Рысқұлбектің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасай отырып.

Желіде жарияланған жазбада былай делінеді: «АЛЛАҺ Тағала, қандай да бір адамға ауыру жіберіп (ол оған сабыр етсе), сосын одан жазса, тазартады. Сол ауыру арқылы өлім жіберсе, күнәлары кешіріледі» деген тұрғыдағы хадисте келгендей, АЛЛАҺ Тағала Бекболат Тілеуханның деніне саулық, ауыруына шипа беріп, сабыр етушілерден қылып, сауабын да кемітпесін. Қазақтың біртуар азаматы (АЛЛАҺ Тағала біз ойлағаннан жақсы етсін) Бекеңді, бүгін жедел жәрдем Парламент үйінен ауруханаға жеткізіпті. Жүрегінен дейді...»

Қоғам қайраткерінің тезірек сауығып, ортаға оралуын тілейміз.

Ұсынған: Жазира Байдалы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар