Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жұмысшылар шұңқыр жөндеп жатқан кезде ВАЗ-2170 көлігі екі жұмысшыны қағып кеткен. Салдарынан жұмысшылар жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, жол жөндеушілер қауіпсіздік ережесін сақтаған. Жұмыс орнында арнайы ескерту белгісі де орнатылыпты.
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында Тәтібеков пен Станиславский көшелерінің қиылысында болды. Қазір полиция қызметкерлері көлік иесін ұстады. Оның ішімдік ішкен-ішпегендігі анықталатын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру