ҚР СІМ қазақстандықтарға визасыз қатынай алатын мемлекеттердің 2015 жылға арналған мәліметтерін жариялады. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.
СІМ ақпаратына сүйенсек, биыл қазақстандықтар әлемнің 42 еліне визасыз бара алады.
Олардың ішінде 6 мемлекетпен шексіз визасыз режім енгізілген. Яғни, бұл елдерде қазақстандықтар емін-еркін жүріп-тұра алады. Сондай-ақ 2014 жылы ҚР СІМ тағы 10 мемлекетпен визасыз режімге көшу туралы келісімге қол қойған. Олар: АҚШ, Біріккен Ұлыбритания корольдіктері, Солтүстік Ирландия, Германия, Франция, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАЭ Корея және Жапония. Қазақстандықтар бұл мемлекеттерде 15 тәулік визасыз жүруіне болады.
Сонымен, еркін визасыз байланыс орнатылған мемлекеттердің тізімі және мерзімі:
Мемлекеттер | Визасыз жүру мерзімі | |
1 | Әзірбайжан | Шексіз |
2 | Белорусия | Шексіз |
3 | Қырғызстан | Шексіз |
4 | Ресей | Шексіз |
5 | Тәжікстан | Шексіз |
6 | Өзбекстан | Шексіз |
7 | Колумбия | 180 күн |
8 | Албания | 90 күн |
9 | Аргентина | 90 күн |
10 | Армения | 90 күн |
11 | Гаити | 90 күн |
12 | Гренада | 90 күн |
13 | Грузия | 90 күн |
14 | Македония | 90 күн |
15 | Молдова | 90 күн |
16 | Моңғолия | 90 күн |
17 | Намибия | 90 күн |
18 | Корея Республикасы | 90 күн |
19 | Украина | 90 күн |
20 | Хорватия | 90 күн |
21 | Эквадор | 90 күн |
22 | Батыс Самоа | 60 күн |
23 | Кука аралдары | 31 күн |
24 | Малайзия | 30 күн |
25 | Мальдива аралдары | 30 күн |
26 | Сейшел аралдары | 30 күн |
27 | Сербия | 30 күн |
28 | Түркия | 30 күн |
29 | Филиппин | 30 күн |
30 | Шри-Ланка | 30 күн |
31 | Барбадос | 28 күн |
32 | Доминика | 21 күн |
33 | Хайнань (Қытай) | 15 күн |
34 | Гонконг (Қытай) | 14 күн |
35 | Түркіменстан | 5 күн |
36 | Сингапур | 4 күн |
Нұрзат Тоғжан