Валентина Матвиенко: Келесі президенттің кім болатынын тек Қазақстан халқы шешеді (видео)

/uploads/thumbnail/20190319210213175_small.jpg

Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттілігін тоқтатуына қатысты пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаевтың отставкасына қайғырған 3 президент

"Біз қазір Орынборда жүрміз. Мұндай жаңалықты есту күтпеген жағдай болды. Өкінішті, әрине. Нұрсұлтан Назарбаев – асығыс шешім қабылдамайтын азамат. Бәрін егжей-тегжейлі ойластырғанына шүбәм жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлын бұрыннан танимын. Сондықтан, ең дұрыс шешімді өз уақытында қабылдағанына сенімдімін. Тоқаев та менің әріптесім. Ал, келесі президент кім болады деген сұраққа келсек, оның жауабын тек Қазақстан халқы ғана біледі. Халық кімге сенім артса, сол президент болмақ.

Медведевтің мақтауы: "..ұмытқан емеспіз"

Қайталап айтайын, Назарбаев болмаса, Еуразиялық одақ сияқты жобалар дүниеге келмес еді. Назарбаевтың биліктен кетуі бәрімізге күтпеген жағдай болды", - дейді Валентина Матвиенко.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар