Қажыгелдин Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасады (видео)

/uploads/thumbnail/20190320202320821_small.png

Экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдин Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз айының 19-ы күні «Жаңа Қазақстан» форумының «You Tube» парақшасында Әкежан Қажыгелдиннің видео үндеуі жарияланды. Онда ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасаған.

«Күткеніміздей Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, өз орнын босатты. Күтілген шешім, күтілген оқиға. Бір адам мен бір отбасының билік жүйесін тарихта қалдыруымыз қажет. Осымен нүкте қою керек. Билікті халыққа қайтарып беру қажет. Жаңа Республика құру керек. Ол заң бойынша Қазақстан халқына бағынатын Парламенттік Республика болуы тиіс. Біз тек осылай ғана бірлігімізді, елдігімізді, қауіпсіздігімізді сақтап қала аламыз» - деді Қажыгелдин.

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар