Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді.
Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен жиналыс өткізді.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру