Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Фэйсбуктағы парақшасында жазды.
«Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі аталып өтті. Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты», - деп жазды баспасөз хатшысы.