Балалар ересектердің жүрегін кіршіксіз тазалығымен, шыншылдығымен жаулап алады. Олар үлкендерге қарағанда қателіктерді тез кешіріп, қарапайым нәрселерге шын жүрегімен қуана біледі. Балаларды ештеңені түсінбейді деп ойламаңыз. Психологтардың айтуынша: "Бала –кішкентай адам". Шын мәнінде солай. Qamshy.kz ақпарат агенттігі балаларға қатысты ең қызықты деректерді оқырман назарына ұсынады.
- Адамзат тарихындағы ең жас ата-ана 8 және 9 жаста екен.
- Әлемде балаларға атақты адамдардың есімдері көп беріледі.
- Балаларға арналған Лего құрастырмағын әлемдегі әрбір адамға үлестірсек, әрбірі 30 құрастырмаққа ие болады екен .
- Тарихтағы мороккалық Сұлтан Исмаилдың мыңнан астам баласы болған.
- Зерттеулерге сенсек, сәбилер көк түсті көре алмайды.
- Әлемнің көптеген тілдерінде «ана» және «әке» сөздері ұқсас.
- Бір қызығы, еңбектейтін нәрестелерге жаңа нәрселерді үйрену оңай.
- Данияда үйде босану өте жиі кездеседі.
- Жаңа туған нәресте бір айлық сәбиге қарағанда бір затты уысында қаттырақ қыса алады.
- Әлемдегі ең жас әже Румынияда тұрады, ол 23 жаста.
- Көбінесе егіздер Нигерияда дүниеге келеді.
- 4 жасар балалар күніне 900-ге жуық сұрақ қояды
- Жер шарындағы барлық балалар арасында неміс сәбилері әр түрлі техникаларды оңай және жылдам меңгере алады.
- 18 ғасырда Оралда өмір сүрген шаруа әйелі 69 баланы өмірге әкелген. Қазіргі уақытта бұл абсолютті рекорт болып саналады.
- Оқу орындарының бірінде мұғалім Санта-Клаус туралы аңызды жоққа шығарғаны үшін жұмыстан шығарылған.
- Кейбір елдерде индиго балаларды тәрбиелейтін арнайы мектептер бар.
- Орташа алғанда 4 жастағы баланың сөздік қорында 12 000 сөз бар.
- Шаштары ашық түсті балалар ауа райының өзгергенде аса сезімтал келеді.
- Әлемде өмірге келген 2000 баланың біреуі ғана тіспен туады.
- Кейбір араб елдерінде балалар қатысатын түйелер жарысы бар. Ол өте танымал.
- Швецияда 12 жасқа толмаған баланың жарнамаға түсуіне заң бойынша тыйым салынған.
- Бүгінгі күні жаңа туған аналардың ең үлкені 63 жаста.
- Ең жеңіл салмақпен туған баланың салмағы 270 грамм болған.
- Барлық мемлекеттердің ішінде туу деңгейі ең төмен Германия екен.
- Жапонияда ата-аналар балаларға ешқандай қорлайтын сөз айтпайды.
- Жаңадан туылған нәрестеде 270 сүйек болады.
- Кореяда адамның жасы анасының құрсағында жатқаннан бастап есептеле бастайды.
- Қытайда бір баладан артық туған ата-аналар түрлі айыппұлдар төлеп, көптеген жеңілдіктен айырылады.
- Кейбір мәліметтерге сүйенсек, көпбалалы отбасында дүниеге келген балалар үлкен жетістіктерге жетеді. Мысалы, көрнекті ғалым Менделеев отбасындағы 17-бала болған.
- Жаңа туылған нәрестелер ересектер сияқты мұрындарымен емес, аузымен дем алады.
- Жаңа туылған сәбилерде жүзу қабілеті жақсы дамыған.
- Жаңа туылған балаларда иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Ғалымдардың айтуынша, сәбилер хош иісімен өздерінің аналарын сезеді және жақсы көреді.
- Екі жасқа дейінгі балалардың сүйегі қатпаған. Сол себепті олар әр түрлі майысып, отыра алады.
- Таңқаларлық нәрсе, жаңадан туылған нәрестелердің көздері жыпылықтамайды.
- Жаңа туылған балалар жылағанда көзінен жас ақпайды.
- Кейбір деректерге сәйкес, балалар бір уақытта бес түрлі нәрсемен айналыса алады.
- Ұлыбританияда басқа біреудің баласын жазалауға заң бойынша тыйым салынған.
- Әлемде канадалық балалар ең көп құқыққа ие.
- Бразилиялық ата-аналар балаларын жазалағанда футбол ойнауға тыйым салады екен.