Адамның іс-әрекеті планетарлық өзгерістердің факторы ретінде

/uploads/thumbnail/20170708180806940_small.jpg

Антропоцен: уақыттың үні әлде жаңа геологиялық дәуір?

Адамның іс-әрекеті планетарлық өзгерістердің факторы ретінде

(Басы мұнда)

(аударма) II бөлім

... Минералдар түр түзеді. Біз бетон сияқты затты ойлап тауып, оны болжаммен алғанда, жыл сайын 2-8 млрд м3 көлемінде өндіреміз. Оған қоса жыл сайын триллиондаған кірпіш шығарамыз. Миллиардтаған жылдар бойы мүлдем болмаған түрлерді елеу үшін бұл сандар жеткілікті дәрежеде екені сөзсіз.

Түрлер қабат түзейді. Біз үлкен мөлшерде планетамызға алуан түрлі материалдарды қабаттаймыз: геологтар тіпті жасанды құралған зәулімдер мен ойыстардың арақатынасын реттеп, қалалардың стратиграфиялық сипаттауымен айналысып жүр. Біз жасанды баррикадалар, мысалы - бөгеттер саламыз. Сондай-ақ, планетамыздағы басқа тіршілік иелерінен қарағанда, пайдалы қазбаларды алу мақсатында тереңірек қазамыз. Теңіздегі максималды тереңдік төрт метрге шамаланып, асшаянның тіршілік ортасымен шектеледі. Біз болсақ, шахталарды километрлеп қазудамыз. Бұған қоса, мұнай алу мақсатында саңылауларды бұрғылайтынымыз тағы бар: қазіргі кездегі саңылаулардың жалпы ұзындығы 50 млн км-ді құрайды, ал, ол жалпы біздің жол тармағымыздың ұзындығымен шамалас. Айта кету керек, бұл әрекетіміздің салдары таяудағы бірнеше млн жылға дейін сақталмақ.

Химиялық сипаттар

Бізге белгілі химиялық сипаттың бірі – Жер қызу үстінде. Біз аса үлкен мөлшердегі энергияны қажетсінеміз де, оның көп бөлігін көмірден алудамыз. Негізінде, су мен ауаның химиялық құрамын өзгерту қиын емес: оның көлемі планетамен салыстырғанда көп емес. Ал, жердің тарихында орын алған стандартты ауытқуларға қарағанда атмосферадағы көмірқышқыл газының көп есе өскенін байқауға болады. Және көмірқышқыл газының құрамындағы өзгерістерге сай Жердегі температураның да өзгеріп жатқанын да білу қиынға соқпайды. Бірақ, Жердің күрделі құрылым екендігіне байланысты, бұл өзгерістер үшін біршама уақыт, онжылдықтар немесе ғасырлар, қажет.

Температура аз-аздан көтерілуде. Мұның нәтижелерінің бірі – мұздың еруі. Біз жерсеріктерден уақыттың аз аралығында ғана мәліметтер алып жатсақ та, Гренландия мен Антарктиданың жылына миллион тонна масса жоғалтып жатқанын көреміз. Теңіз деңгейі де көтеріле бастады – әзірше, жүз жылға 30 сантиметрден. Иә, геология тұсынан, мұның барлығы болмашы өзгерістер. XXI ғасырдың аяғына қарай теңіз бір метрге көтеріледі, бұл тағы да геология тұсынан емескі, Алайда, бұл, біз, өзіміз үшін үлкен қауіп туғызады, себебі, голоценде инфрақұрылымыздың көп бөлігі теңіз деңгейінде салынған болатын.

Антропоценнің басқа бір химиялық сипаты - топырақ пен судың құрамында фосфаттың көбеюі. Жердің барлық тұрғындары тамаққа зәру, ал, фосфорлық тыңайтқыштар – жер өнімділігін асырудың тиімді жолдарының бірі. XIX ғасырда Ұлыбританияның халқы жоғарғы қарқынмен өсті де, ауыл шаруашылығының елдің сұранысын өтеуіне әлі жетпей қалды. Сонда фермерлер еккен дақылдың зираттың маңында жақсырақ өскенін байқады, себебі сүйектің құрамында көп мөлшердегі фосфор бар-ды. Өз жерлерін тыңайту мақсатына олар қасапханадан артылған мал сүйектерін пайдаланды. Бұның өзі жеткіліксіз болғандықтан, жұмыскерлер топтары фосфор іздеу үшін Еуропаға аттанды. Кей жылдары британдықтар жерді қайта өңдеу мен тыңайту үшін ондағы шайқастардан қалған 3 млн-ға дейін қаңқаны елдерден шығарған. Бірақ бұл да жеткіліксіз болды. Сонда Англия тұрғындары Кембридждің маңынан табылған динозаврлар қалдық сүйектерін ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдаланды. Әйтеуір дегенде, соңында, британдықтар ежелгі египеттік 180 мың мумифицияландырылған мысықтардың жерленген орнын тауып алып, олардың қалдықтарын Англияға көшірді. Фосфордың жетіспеушілігі әлі де болса, маңызды мәселелердің бірі.

Келесі бір эффект – «өлі аймақтардың» пайда болуы. Ауыл шаруашылығындағы нәрлі заттар ақыр соңында теңізге лақтырылып, ондағы планктондарға азық болады. Жаздың келуімен бір орындағы, терең емес сулардағы барлық тіршілік иелері құрып кетеді. Ал, бұл - Балтық теңізіндегі, Мексика шығанағындағы және т.б. жерлердегі мыңдаған км жағажайлар.

Кен және тасқа айналған жануарлар мен өсімдіктер

Палеонтологтар кенді – ағзалардың қалдықтары мен олардың өмірінің тіршілік әрекетін зерттейді. Геология тұрғысынан, Сидней операсының ғимараты немесе құм жағажайындағы бір адамның ізі, мұхит астында миллион жыл бұрын тасқа айналған тіршілік иесі мен иесіз қалған сона ұясы сияқты адам әрекетінің көрінісі ғана.

Ал, динозаврлар мен триболиттердің қалдықтары бойынша әртүрлі түрлердің жойылу циклін қалпына келтіруге болады. Әр жарты миллиард сайын Жердегі тіршілік иелері өсіп, я кеміп жаңарып отыратынын байқаймыз. Ал сонда, қазіргі кезде не болып жатыр? Жердегі өмір таусылып бара ма? Әзірше, жоқ. Додо құсының баяғыда-ақ құрып кеткені анық болса, бес жыл бұрын шамасында қытай өзен дельфині де жойылып бітті. Ал, костарикандық алтын бақалар алғаш 1964 жылы анықталса, 1990 жылдарға қарай мүлдем жер бетінен жоғалды. Жойылып біткен түрлер жалпы шамадан бірнеше ғана пайызды алса да, жойылуға жақын және жойылу қаупі бар түрлердің саны одан да көп – ондаған пайызға жетеді. Егер заманауи тенденция сақтала берсе, онда екі-үш жүзжылдықтан соң, мезозой дәуіріндегі ең ірі триас-юра масштабындағыдай жойылудың куәгері болатынымыз сөзсіз. Геология тарихында орын алмаған тағы бір биологиялық феномен – кей түрлердің массалық миграциясы мен көші-қонуы: мысалы, мысықтар, қазірге олардың саны 250-ден 500 миллионға жетеді. Ал, әрбір мысық сыртқы есік алаңы сынды белгілі бір көлемдегі экожүйені қадағалауда.

Ақыры, біз адамзатты экономика немесе әлеуметтану жағынан ғана емес, таза салмақ есебінен де өлшей аламыз. Қазір денеміздің массасы жалпы омыртқалылардың биомассасынан үштен бірді құрайды. Және қалған үштен екі бөлігі, кей пайыздарды қоспағанда, біздің азығымыз. Геологиялық жағынан мұндай айқын доминанттылық ешқашан болып көрмеген. Ал, біздің жасаған машина мен механизмдеріміздің массасы тіптен де жоғары.

Өздеріңіз көріп отырғандай, адамның тіршілік етуі - біз әлі де түсінуге тырысып жүрген геологиялық феномен. Сонда біз антропоценде өмір сүріп жатырмыз ба? Нобель сыйлығының лауреаттары 2011 жылы аталған термин қазіргі орын алған жағдайды сипаттау мен жиынтықтауда керек болады деген шешімге келді. «Nature» журналы да оны планетамызда орын алған мәліметтерді жинақтау мен баяндауда қажет болатын ыңғайлы құрал ретінде қолдануды ұсынды. Ғалымдар болса, бұл идеямен бірте-берте сіңісіп жатқан сияқты, бірақ қойылған сұрақ әлі де жауабын тапқан жоқ: біз ғылымның жаңа ашылуының табалдырығында тұрмыз ба?

Негізгі қайнар көзге сілтеме: http://special.theoryandpractice.ru/anthropocene

Құралай Исаева

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар