ҚАЗАҚТЫ МАСҚАРАЛАП ЖҮРГЕН "СПАРТА" КВН КОМАНДАСЫ

/uploads/thumbnail/20170708180803183_small.jpg

Мен КВН көрмеймін. Жақында КВН ойнайтын бір жігіт өтініш айтты. Астаналық "Спарта" КВН командасы туралы жазшы деді. Олардың Ресейге барып қазақтарды үздіксіз масқаралап жүргенін айтып қынжылды. "Спарта" ойынын көрдім. Төменде екі-үш жерлерінен скрин жасадым. 1. Сурет. Қазақтың жігіті Емельяненконың қолын сүйеді. Төбелеспеу үшін құдайға жалбарынды.

10986174_504185909735568_5685517583900033620_n

2. Сурет. Қазақ батырлары еврейлерге ұқсаймыз деген сыңайдағы әңгіме айтып тұр.

11262090_504185889735570_3903285481670897051_n 3. Сурет. "Қазақтың футболы жоқ. Жоқ нәрсе туралы айтпаймыз. Одан да орыстардан кем жанкүйерлік етпейтін Ресей құрамасы туралы қалжыңдайық" деп тұрған сәттері.
P.S. Бұл жігіттерге тосқауыл қоймаса болмайды. Әзілдің өзі саясат. Бір ұлттың атынан сөйлейтіндей кімдер!? Қуаныш Қожабайұлы, Facebook парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар