"Құдай-ай, заман не болып бара жатыр, күн сайын бір сұмдықты еститін болдық, біздің кезімізде бұлай болмайтын, ақырзаман белгісі ме?" деп әр постының астына зарлауық коммент жаза беретін пікіршілер ! Сіздерге айтарым, заман бәрі орнында. Тек ол сіздің айта беретін баяғы заман да мүлтіксіз емес еді. Ол заманда да сұмдықтың неше түрі қазіргідей болған. Мəселен, ашаршылық жұт заманында интернет болса, небір сұмдықты көрген адам тіпті, есінен ауып кетер еді ғой. Ол заманда адам
жегіш маньяктар селфилетіп жүрсе, халықтың күйзеліске түскені түскен. Тек оның видеосын түсіріп алып, интернетке сала беретін мүмкіндік қана болмайтын ол заманда. Айырмасы сол. Соны түсініңіз.
Пікір қалдыру