"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңға өзгерту енгізілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінің дерегін негізге ала отырып. Енді Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Ресми түрде 11 қараша — энергия үнемдеу күні болып жарияланды.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын: "42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша", - делінген хабарламада.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру