Қарағандылық полицейлер Атырауда қаза болған әріптесіне арнап видео түсірді (видео)

/uploads/thumbnail/20190404094108828_small.jpg

Қарағанды облысының полиция департаментінің қызметкерлері Атырауда қызмет барысында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевке арнап видео түсірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеода Қарағанды облысының қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевке өлең-шумақтарын арнаған.

Еске сала кетсек, 21 наурыз күні Атырау қаласында суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп 24 жастағы полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиев көз жұмған болатын. Сондай-ақ ол отбасының жалғыз асыраушысы болған. 

♦Шалқар Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар