Польша генералы Вальдемар Скшипчак қазіргі уақытта және болашақта орын алуы мүмкін саяси - әскери оқыс оқиғаларды сарапқа сала келіп, Ресейге қатысты болжамын айтты. Бірақ бұл орындалуы мүмкін әрекет пе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.
Поляк генералы Вальдемар Скшипчак Wirtualna Polska басылымына берген сұхбатында болашақта Ресей тарапынан агрессиялық әрекет орын алуын жоққа шығармайды.
Бұрынырақта АҚШ тарапы Ресей Польшаға басып кірсе немесе соғыс жариялаған жағдайда Батыстан орыстарға ядролық соққы жасауға әркез дайын екендігін білдірген. Қазір де бұл әрекет күшінде.
Поляк генералы «Ресей армиясына Польшаның қарулы күштері қарсы тұра алмайды, тіпті орыстарға Еуропа құрылығында қарсы келетін бір -бір әскери күш жоқ» деп есептейді. Сондықтан генералдың айтуынша, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Польша Солтүстік альянс одағына 1999 жылы мүшелікке кірген.
–Қазіргі уақытта НАТО ұйымының әскері бұрынғыдай емес, әлсіз. Бір ғана мысал, Ресей Донбасс аумағына кіріп, Қырымды аннекциялап алғанда еуропалықтар мен НАТО ұйымына мүше елдер түк те істей алған жоқ. Тек санкция салды. Ресми Мәскеу Солтүстік альянстың шығысқа қарай жылжуын қаламайды. Әрине, қазіргі уақытта Польша территориясында АҚШ-тың бірқатар батольоны тұр. Бірақ бұл жағдайды күрт өзгертеді дегенге сену қиын. Жалпы НАТО ұйымына мүше елдер сондықтан да Польшаның альянс үшін маңызы қандай екенін түсіну керек, – дейді Польша генералы Вальдемар Скшипчак.
Пікір қалдыру