Ирина Фабион: Украинада орыс тілінде сөйлейтіндер - құлдар мен оккупанттар

/uploads/thumbnail/20190408095814230_small.jpg

Жоғары Раданың экс-депутаты: Ирина Фабион «Ин ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Украинада тұратын орыстілді тұрғындарды «құлдар және оккупанттар» деп атады.  YouTube -те жарияланған сұхбатында ол орыстілді украиндықтарды қалай мемлекеттік тілде сөйлетуге үйрететінін айтты. Ол үшін не істеу керек? Экс-депутаттың ойынша, ол үшін Украинада орыс тілінде сөйлеуге мүлде тыйым салынуы керек. Сонымен қатар, білім саласы толықтай украин тілінде оқытылуы тиіс.

Ирина Фабион бұл орайда мына мәселені тілге тиек етті.

–Сіз ағылшын тілін білмей, Америкада жұмысқа орналаса алмайсыз. Ал француз тілін  білмей, Францияға барып та, жұмысқа тұру  мүмкін емес,– дейді экс-депутат.

 Ирина Фабионның ойынша, жер бетіндегі өзге халықпен салыстырмалы түрде қарағанда,  «украиндықтар әлсіз ұлт, өздерін төмен санауға мәжбүр».

Біізде орыстілділердің құқы бұзылады деп жиі мәлімдеме жасалады. Ал бізде орыстілді тұрғындар жоқ, олар –құлдар немесе оккупанттар. Егер украин тілін білмесе, оларға білім беріп те керегі жоқ. Демек, оларды жұмысқа орналастырудың да қажеті шамалы. Мұның барлығын бас ауыртпай, жеңіл түрде ғана жүзеге асырған жөн,–дейді Ирина Фабион.

Жалпы Жоғары Раданың бұрынғы депутаты орыс тілінде сөйлейтін украиндақтарды жақтырмайды, бұған дейін  де Ресей тілінде сөйлейтіндерге қатысты өте қатты мәлімдемелерімен белгілі болған. Ол қоғамдық орындар мен кез келген жиындар украин тілінде өтуі дерек дегенді жиі айтады. Тіпті бір кезде  «орыс тілінде сөйлейтін азаматтардың жағын сындыру керек» деп мәлімдеме жасағаны да белгілі.

Жақында Ирина Фабион президенттік сайлауға түсіп жатқан кандидат Владимир Зеленскийді орыс тілінде сөйлегені үшін түрмеге отырғызуға шақырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар