"Шалдан" шыққан шатақ

/uploads/thumbnail/20170708180928699_small.jpg

"ШАЛДАН" ШЫҚҚАН ШАТАҚ немесе "КЕҢКЕЛЕСТЕР" КЕҢЕСІНДЕГІ ОЙТҰЖЫРЫМ...

КСРО (СССР) заманында батпандап кірген идеалогия, мысқалдап шыға алмай жатқаны, көптеген қандастарымызды ойландыратыны шындық... Оның себептері мен салдары да көп шығар, бәлкім?! Ресейдің қазіргі жағдайы - Он төрт баласының бірде - біреуі қарамай "қарттар үйіне" апарып тастаған шалдың жағдаймен салыстыруға болады... БІреуі - наның әкеп берсе, біреуі - малын әкеп беретін, біреуі - басы ауырғанда арақ - шарап әкеліп беретін "ұлдарынан" айрылған шалдың кейпін көз алдыңызға елестетеді... Сол "шал" әлі де жастық шағын, өткен күнін аңсауы табиғи заңдылық. Кейбір ұлдарына қамшы үйіріп, оспадырық қылығын да көрсетіп қояды. Бірақ, жеке отау тігіп алған "Ұлдары" оның ескіріп қалған саясатына көнгісі келмейді...(Украина, Молдова, Грузия, Балтық жағалауындағы республикалар т.с.с) БІрнеше ғасыр империя болған Ресейдің амбициясы әлемдік санкцияға алып келді. Дегенмен, көршінің қотырын қаси бергенімізден ештеңе ұтпаймыз және оның салдары да ауыр болуы мүмкін... Атам қазақ: - Үй сатып алма, көрші сатып ал, - деген сөз бекер болмаса керек!!! К.Маркстің (Леви Мордохей) әлеуметтік эксперименті КСРО - деген лабораторияда жетпіс жыл сынақтан өтіп, өміршең емес екендігін дәлелдеп берді. Сол "Полигонның" зардабы тәнімізді де, жанымызды да улап, рухани деградацияға ұшыратқан да шығар... P.S. Көршінің үйінен өрт шықса, соның ұшқыны біздің үйге де зиянын тигізуі мүмкін ғой деген ізгі ойдан туындаған ой ғана...

Советқазы Нұрсила, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар