Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті

/uploads/thumbnail/20190416112833359_small.jpg

Сәуірдің 15-і күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың ұлағаты» атты журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің 17 ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты.

Бірінші кезеңде әр университет өз командасын таныстырды. Ал түстен кейін қатысушылар берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. С.Торайғыров университетінің ұйымдастыруымен олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлерімен таныстырды.

Журналистер байқауы

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша,  Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және халықаралық ақпараттар технологиялар университеті жоғары ұпайға ие болды.

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды.  Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды.

Журналистер байқауы

Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстен кейін белгілі   болады. Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар