Израиль премьер-министрі: Газа секторына шабуыл күшейтілсін!

/uploads/thumbnail/20190505190513029_small.jpg

Израиль премьер-минстрі Биньямин Нетаньяху әскерилерге Газа секторына қарсы жасап жатқан шабуылдарын тоқтатпауға бұйрық берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Walla News ақпаратын негізге ала отырып.

"Мен Израиль қорғаныс әскеріне Газа секторына қарсы жасап жатқан шабуылдарын күшейтуге және Палестинамен шекараласатын аймақтарда бронды техника, артиллерия мен жаяу әскер санын арттыруға бұйрық бердім",- деп мәлімдеді Израиль премьері.

Айта кететін бір жайт, Израиль әскері осы уақытқа дейін Газа секторын нысанаға алып 220 рет соққы жасаған.

Израильдің бұл әрекеті Газа секторындағы ХАМАС қозғалысының Израильге жасаған соққыларына жауап беру мақсатында жүзеге асырыл жатыр. Палестина тарапының хабарлауынша, Газа секторына қарсы жасалған шабуылдардан 9 адам көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль астанасы Тель-Авив қаласында 14 мамыр мен 18 мамыр аралығында "Евровидение-2019" байқауы өтеді деп жоспарланған.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай 

Қатысты Мақалалар