Ақтауда 800 адам кітап сыйлады

/uploads/thumbnail/20190508194710469_small.jpg

Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ден астам адам бір-біріне кітап сыйлады. Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

  • Шара биыл үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қатысушылардың қызығушылығы артқанын өткен жылғы статистикалармен салыстыру арқылы анықтай аламыз. Алғашқы жылы 790 адам қатысса, өткен оқу жылында 725 қатысушы болды. Ал биыл 800-ден аса адам құпия оқырманын іздеді, - дейді мектеп кітапханашысы Динара Қайратбекқызы.кітап

Акцияға қатысушы кітапханашыдан номер алып, құпия оқырманның жас ерекшелігін анықтап, кейін оған кітап таңдайды. Акцияның өткізілу күнінде барлық қатысушылар өз номерлерін әртүрлі қып тағып, құпия кітаптарын іздейді.

  • Мен, бүгін Анатолий Приставкиннің «Ночевала тучка золотая» шығармасын белгісіз оқырманыма сыйлаймын. Менің білуімше, менің оқырманым мектеп оқушысы. Сондықтан оған қызықты болады деген ойдамын дейді «230» нөмірін суырған, - дейді орыс тілі пәнінің мұғалімі Бұрыш Утесинова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар