"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды". Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру