Пентагон Иранға қарсы әрекет ретінде Қиыр Шығысқа 120 мың сарбаз жіберуді жоспарлауда. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымынан сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметі бойынша, Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Патрик Шанахан бұл жоспарды америкалық президент Дональд Трамптың көмекшілеріне көрсетті.
Жоспар бойынша Иран ядролық қаруды әзірлеуі мен АҚШ әскеріне шабуыл жасаған кезде ғана сарбаздарды жіберуге көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылы АҚШ Ирак мемлекетіне басып кірген кезде 120 мың америкалық сарбазды аттандырған болатын.
Аударған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру