ӘРУАҚҚА АЛТЫННЫҢ КЕРЕГІ НЕ?!..

/uploads/thumbnail/20170708181203858_small.jpg

Жексенбі күні Отырар ауданында, Арыстан бапта жерленген Құрбан атаның кесенесінің төбесіндегі қаңылтырды алтынмен аптау туралы сол атадан тарайтын 5 ру (кейде 6 ру деп те айтады) елдің игі жақсылары шешім қабылдапты. Мен аста сөйлеген сөзімде "әрине, ақша сіздердікі, не істеймін десеңіздер де ерік өздеріңізде, дегенмен, сол 18 млн.теңгені 18 дарынды баланы оқытуға жұмсасаңыздаршы" деген ұсыныс айттым. Қасқа мен жайсаңдарға сөзім ұнамай қалды ма, білмеймін. Бірақ, мешіттің күмбезін, кесененің күмбезін алтынмен аптау кімге керек? Одан өлі әруаққа не пайда? Тірілерге оның қажеті қанша?! Қоғамға, ең бастысы болашаққа ол іс не береді? Ислам да оны қордамас керек. Осының қажеттігін түсіндіріп берер молда, дінтанушы бар ма?

Өмірзақ Ақжігіт, facebook

Қатысты Мақалалар