Айғайшылдығымыз дәрменсіздігіміздің белгісі

/uploads/thumbnail/20170708181229194_small.jpg

Тәуелсіздік алғаннан бері біз тым қатты айғайлайтын болып барамыз. Менің ойымша бұл рухымыздың мықтылығынан немесе осалдығынан емес, ақыры құритынымызды біліп, амалымыз таусылғандықтан, өлер алдындағы тұяқ серпіп жатқан соңғы әрекетеміз болса керек. Далбасалап тал қармаған әрекеттеріміздің ешқайсысы да нәтиже бермегендіктен, есіміз ауысып, не болса соны сандырақтайтын, қанша емдесе де жазылмайтын жаман дертке шалдықтық. Жоқ, қазақ ақымақ халық емес. Тым қатты сезімтал халық

болғандықтан, ақырзаманының жақындап қалғанын ішкі түйсігімен сезіп, атылу жазасының соңғы күнін күткен қылмыскердей әр кім өз бетінше жынданып жатыр. Байларымыз тікұшақпен аспаннан ақша жаудырып өз бетінше. Кедейлеріміз үстеріне бензин құйып, өздерін-өздері өртеп өз бетінше. Ақындарымыз бен жазушыларымыз өздерін-өздері мақтап өз бетінше. Фейсбукка қолымыз жеткендеріміз өзімізге-өзіміз ғашық болып, өз бетімізше. Бүгінгі қазақтың ешқайсысына да ренжуге болмайды. Оған тек түсіністікпен қарау керек.

Амангелді Кеңшілік, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар