Түркістан облысы Төлеби ауданындағы 2 Ш.Уәлиханов атындағы мектебін 1999 жылы бітірген түлектер Қасиетті рамазан айында қайырымды іс жасап, көпбалалы анаға баспана әперді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі teriskei.kz сайтына сілтеме жасап.
Түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай жиналып, ортақ күш-жігермен ауыз ашар ұйымдастырған. Оған барлық мұғалімдері мен ата-аналарын шақырып, сол жерде көпбалалы анаға бір бөлмелі пәтердің кілті мен балаларына сыйлықтар табыстады.
Бұл қайырымды істі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына арналған мерейтойда сән-салтанат орнына өзгелерге үлгі болып, осындай халық санын көбейтіп отырған отбасыларға қолдау болсын деген ниетпен жасаған.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру