Тараз көшелері түрленіп келеді

/uploads/thumbnail/20190527171043092_small.jpg

Тараз қаласы күн санап түрленіп, сәулеттік келбеті артып келеді. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһар көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру де бүгінде өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына орай бұл бағытта барлық көшелерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұған дейін коммуналдық меншікте ұзындығы 996 шақырым құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталып отыр.

жол

  Сондай-ақ, қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық  Жол картасы да бекітілген болатын. Картаға сәйкес, бірінші кезекте  мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары сияқты әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелермен толығымен қамтылған, көшелер жөнделу көзделуде. Бұл бағытта биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын қоғамдық көлікпен қамтылған 86 көшені қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда оның  8900 шаршы метрінде, яғни 36 көшеде нақты жұмыстар атқарылды.  Қалған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

  Сонымен қатар, қаладағы 29 жоба бойынша ұзындығы 75 шақырымды құрайтын 148 көшеге құны 1,5 миллиард теңге болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.  Бұл орайда негізінен  «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптарының көшелері қамтылмақ. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге қаралып, қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады.

Ол ғана емес, қазіргі таңда шаһардағы «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Оның жалпы құны 260 миллион теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстарды «Ая сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Аталған мәселелер тұрақты бақылауға алынған.

Дулат Айтбай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар