Түркия Сирия тағдырымен қауышуы ықтимал

/uploads/thumbnail/20170708181341598_small.jpg

Кеше Түркияда парламент сайлауы болды. Мен Түркияны біршама танитын болғандықтан, АҚ партияның билігінің жалғаса беруін қаладым. Себебі биліктің ешқандай ортақсыз басқарылуы Түркияның ішкі-сыртқы тыныштығы үшін шарт болатын. Енді Түркияның ішкі тұрақтылығына үлкен қауіп бар. Сыртында да Таяу Шығыста Батыс ойыны, оның салқыны Түркияны аз уақытта қайта сайлауға алып барады. Тұрақтылық болмаса Түркия Сирия тағдырымен қауышуы ықтимал. Оған дайын Батыстық жобалар мен орталықтар, сосын түрік халқының ашуы мен эмоциясы, біртұтас мемлекеттік идеологияның жоқтығы ықпал етеді. Қазір уақыт та, әлем де өзгерді. Ал Түркия партиялары сол баяғы "Советология" мен "Достық" орталықтары сызып берген шеңберден шыға алмауда. Досай Кенжетай, facebook

Қатысты Мақалалар