Жаздың алғашқы күндеріне ауа-райы болжамы

/uploads/thumbnail/20190529140032809_small.jpg

"Қазгидромет" мамандары жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар айтуынша, Қазақстанға батыс және солтүстіктен жылжыған атмосфералық фронттар алдағы үш тәуліктегі ауа райын анықтайды.

"2019 жылғы 30 мамыр – 1 маусым аралығына болжам: фронттардың өтуімен көптеген облыстарда найзағай және екпінді желмен өткінші жаңбыр күтіледі. Бірақ жаздың жақындауымен ауа температурасы жаңбыр кезінде айтарлықтай төмендемейді, ал оның тоқтатылуымен жылдам көтеріле бастайды", - делінген хабарламада.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Қатысты Мақалалар