Тоқаевты кім алмастырады?

/uploads/thumbnail/20190529160340446_small.jpg

Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың орынына теледебатқа қатысады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекет басшысы міндетіне сәйкес шараларға қатысады. Оның бүкіл республикалық, өңірлік, аумақтық үгіт-насихат шараларын қоғамдық штабы мен сенімді адамдары орындауда.

“Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес және басқа да халықаралық дәрежедегі шараларға қатысты. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрығымен оның атынан, сенімгер тұлға ретінде теледебатқа Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев қатысады”, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтқандай, Тоқаев теледебатқа қатыспайды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Оқи отырыңыз:

Еспаева Тоқаевтың жолын қуып, дебатқа қатыспайды

Қарин: “Тоқаев көпшілік жиналатын шаралардан бас тартты”

Қатысты Мақалалар