Қостанай облысы Таранов ауданы Әйет ауылдық округ әкімі Азамат Бердалинов қызметкерін балағаттап тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға этика кеңесінде талқыланды. Тәртіп ісінің маретиалдарына сәйкес, шенеулік қызметкерге боғауыз арқылы жұмыс істеуге шақырды. Әкім өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиғадан кейін денсаулығында ақау табылды. Оның қан қысымы 220/100 болғандықтан ауруханаға жатуға тура келді.
Қостанай облысы бойынша халық бюро департаментінің жетекші Сергей Потанин ауылдық округ әкіміне қызметкерлерді балағаттауға ешқандай құқығы жоқ екенін жеткізіп, қатаң сөгіс жариялады.
Бұған дейін де, әкім Азамат Бердалинов далалықты сандық жүйеге көшіру тапсырмасын орындамаған үшін тәртіптік жаза алған болатын. Этика бойынша кеңес әкімді жұмыстан шығармады. Оны толық қызметтік жазасын алу үшін Таранов ауданының әкіміне жіберді.
Аударған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру