АҚШ президенті Дональд Трамп 30-мамыр күні Twitter-ге 2015 жылы Ресейдің оған президент сайлауы кезінде көмек бергені туралы хабарда болмағанын жазды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі “Дождь” телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейін ол Twitter-дегі бұл хабарламаны өшіріп тастады. Баспасөз қызметтеріне арналған брифингте ол Ресейді “мүлдем көмек бермеді” деді.
“Ресей, Ресей, Ресей! Енді Ресей ғайып болды. Сондықтан, мен Ресей көмегімен президент болғаныма дым қатысым жоқ. Бұл болмаған қылмыс”, - деп жазды Трамп.
Американдық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Трамп бұл сөзімен сайлау кезінде ресейлік көмек алғаны туралы мойындады.
Ресей шыңыменде оған көмек бергені туралы журналистер Трамптың өзінен сұрады.
“Жоқ. Ресей мені таңдамады. Мені кім таңдағаны туралы білгіңіз келе ме? Мен өз-өзімді таңдадым. Менің ойымша, Ресей басқа үміткерлерге көмектесті”, - деді АҚШ президенті.
Аударған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру