Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин мен Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Сириядағы жағдайды талқылау жалғасын тапты. Сондай-ақ, әскери-техникалық салада ынтымақтастықты екі жақты дамыту мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшылары Идлибдегі бірлескен жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын, оның ішінде террористік топтарды бейтараптандыру шараларын күшейту қажеттілігін атап өтті.
Сөз соңында, екі ел көшбасшылары мемлекеттік байланыстарды одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты.
Дайындаған: Дәурен Сыбанбай
Пікір қалдыру