Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұйытқы болуымен «Кітап оқып, миллионер бол!» атты тың бастама өз мәресіне жетті. Бес ай бұрын басталған байқауға жалпы саны 48 мектептен 1000-нан аса оқушы қатысып, екінші кезеңге – 78 оқушы іріктеліпті. Ал, шешуші кезеңде нағыз үздіктер анықталып, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров тағайындаған 3 миллион теңге үлестіріліп берілді.
Жас жеткіншектерді жігерлендірген жарқын жобадан фоторепортаж ұсынып отырмыз.
Фоторепортажды дайындаған: Алтынбек Қартабай
Пікір қалдыру