Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе? Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыдан соң қиындық тудырмай ма?" деген сұраққа жауап берді.
"Қиын, бірақ бастысы -жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғанын түсінесің. Бұл - ең бастысы. Мұндайда мен Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдаса аламын. Одан кеңес сұрауға ұялмаймын. Қазақтықтың төркіні сонда жатыр деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.
Пікір қалдыру