Кайдзен – кішкентай қадам жасау арқылы жеке өмірде мақсатқа жетудің жапондық жүйесі. Qamshy.kz ақпарат агенттігі кайдзен әдісі арқылы жалқаулықты жеңудің жолдарын анықтап көрсетеді.
Біз неге жалқаумыз?
Көп адамдардың санасында әрбір өзгеріс қиындықпен келеді деген түсінік қалыптасқан. Үлкен мақсат пен ұлы арман жүрегіңізге қорқыныш ұялатады. Сол себепті миыңыз өзгерістерге шектеу қойып, қолыңыздан келетін істің алдын орайды. Алайда кайдзен жүйесін құрушылар мен қолданушылар бұл ойды жоққа шығарады. Жүйенің негізгі қызметі әр күн сайын кішкентай қадамдармен мақсатқа жету.
Есіңізде сақтаңыз, сіздің әр жасаған кішкентай қадамыңыз үлкен арманыңыздың орындалуына жетелейді.
Бұл қалай жүзеге асады?
Мысалы, сіз шет тілін үйренгіңіз келеді. Бірақ сіз бұл мақсатыңызды жүзеге асырам деп жүргеніңізге екі жыл болды делік. Бірақ уақытыңыз жоқ. Тіл үйрену үшін курсқа жазылып, күн сайын 1-2 сағатыңызды бөлуіңіз керек.
Алайда мақсатыңызға ешқандай қадам жасамайсыз. Бұл жағдайда кайдзенді қалай қолдануға болады? Күн сайын кем емес, артық емес үш жаңа сөзден жаттап отырыңыз. Тек қана үш сөз. Бұған қанша уақыт кетеді? Дұрыс, кем дегенде 5 минутыңызды бөлсеңіз болғаны. Ал бір жыл ішінде сөздік қорыңыз қанша сөзбен толығады? Жоқ дегенде 1000 сөз! "Ал үйренуім керек еді" деп жүрген кезде қанша сөз жаттадыңыз? Міне, айырмашылық қайда жатыр.
Немесе бұлшық етіңізді шығарып, арықтау үшін де осы мәселе туындайды. Спорт залға барып, уақыт бөлу керек. Сол себепті кайдзен жүйесі арқылы күніне 4 минут уақытыңызды арнап спортпен шұғылданыңыз, нәтижесі көп ұзамай біліне бастайды.
Кейде тіпті белгілі бір әрекетті орындап, жетістікке жету үшін 1 минуттың өзі жеткілікті. Әрбір кішкентай қадам сіздің күнделікті дағдыңызға айналады. Өзгерістер байқалып, өміріңіз өзгере бастаса сіздің
Бұл әдістің басты талабы – үздіксіз іс-әрекет! Әр күн сайын ақырын адымдап басып, мақсатыңызға жетесіз!
Қадам жасау алгоритмі
- Сіз үшін пайдалы емес, уақытыңыздың тең жартысын алатын жұмыстардың тізімін жасаңыз;
- Келесі қадам сіз үшін пайдалы, нәтижелі істердің тізімін құрыңыз; әрбір тізімге бір істен қосып отырыңыз;
- Өзіңіздің күнделікті өміріңізге ең алдымен енгізгіңіз келген істерді анықтап алыңыз;
- Өз мақсатыңызға жету үшін не істей аламын деген сұрақ қойыңыз (мысалы сіз емізулі сәбиіңізбен өзіңізді дамытқыңыз келеді);
- Аздан бастаңыз, күн сайын бір минутыңызды сол іске арнаңыз (ақырын қадам жасап, қиындық туғызбау керек). Ақырындап қарқыныңызды асырып отырыңыз. Қолға алған әрбір ісіңізді дағдыға айналдырыңыз.
Кайдзен жүйесіндегі іс-әрекеттердің мысалдары:
Мақсаты: |
Кайдзен жүйесіндегі іс-әрекет |
Көп ақша жұмсамау
|
Дүкенде кассаға жетпей тұрып, себетіңіздегі бір затты алып тастаңыз.
|
Сортпен шұғылдану
|
Әр күн сайын, 5 минут жүгіріңіз |
Күйзелісті жеңе білу
|
Күніне бір рет өзіңізді жайсыз сезінетін жеріңізді анықтап, терең тыныстап демалыңыз.
|
Үйді таза ұстаңыз
|
Үйіңіздің бір бұрышын белгілеп, 5 минутқа таймер қойып, сол бұрышты жинауға кірісіңіз. 5 минут өткеннен кейін бірден тоқтатыңыз.
|
Көбірек ұйықтаңыз
|
Күнде кешке қарай 1 минутқа ерте жатыңыз немесе 1 минутқа кеш тұрыңыз.
|
Көп кофе ішуді доғарыңыз
|
Күніне 1 кесе кофенің санын қысқартып отырыңыз. Тек кофені қатты ішкіңіз келсе ғана пайдаланыңыз.
|
Кайдзенді қолданғыңыз келсе, арманыңыз бен мақсатыңызға күніне кішкентай ғана қадам жасаңыз. Мақсатыңыз қиын, қол жетпестей көрінуі мүмкін. Алайда соған қарамастан тығырықтан шығып, аз адыммен мол мүмкіндіктерге қол жеткізіңіз!
Оқи отырыңыз:
♦ Кайдзен әдісі: бала тәрбиесіндегі жетістікке жетелейтін жетілік
♦Қызметкерін жұмыстан қумайтын жапондық жүйе — кайдзен
♦Құмар Мұсаев: Кайдзенді Қазақстанға алып келген Марғұлан Сейсембай
♦Ғани Байғалиұлы: Кайдзен - Ислам діні сияқты жүйе
♦Нұрғали Қанатұлы: Біз қазаққа кайдзеннің жат емес екенін дәлелдедік
♦Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
Пікір қалдыру