Қарындасын қорғай алмаған отанын да қорғамайды

/uploads/thumbnail/20170708181438301_small.jpg

Кешегі "қыз алып-қашып кіргізу" видеосындағы адамдар анықталды ма, жоқ па, білмеймін... Танитын адамдар болса құқық қорғаушы орындарға хабарласа екен. "Адам ұрлау" фактісі бойынша олардың үстінен іс қозғалып, әйел-еркегімен қосылып, қылмысқа қатысы барлар қатаң жазаға тартылуға тиіс. Ашық сот болуы керек... Сол видеода мені ойландырғаны - анау өздерін "төлеген-шеге" сезініп жүрген жігіттердің өз-өзін ұстауы. Жалпы біздің отбасыларда Әкелер бар ма деген ой келеді. Әкелер болса, ұлдарына қызбен сөйлесуді былай қойғанда, оның намысын қорғауды үйретуден, өздері үлгі болудан қалғаны ғой... Бүгін қарындастың намысын қорғай алмаған ұл ертең отбасын да, елін де қорғамайды. Қасым Аманжолдық Facebook-тегі жеке парақшасынан.

Қатысты Мақалалар