Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Саляноваға "жергілікті қылмыс әлемінің серкесі" Азиз Батукаевты түрмеден шығаруға көмектесті деп айып тағылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Аида Салянова 3-маусым күні ұсталды. Ол қызметтік құқын асыра пайдалану бойынша айыпталуда. Бүгінгі сотта оның жазасы айтылады.
Сонымен қатар, Азиз Батукаевтың заңсыз түрмеден шығу ісі бойынша бұрынғы шенеуніктер мен депутаттар, сау болған қылмыскерге ісік диагнозын қойған дәрігерлер мен лаборант да сот алдында жауап береді.
Азиз Батукаев 2013 жылы денсаулық жағдайына байланысты түрмеден шығарылды. Одай кейін ол Манас әуәжайына барып, Ресейге ұшып кетті. Қазіргі таңда Шешенстан астанасы Грозныйда тұрып жатыр.
Аударған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру