Нұр-Сұлтанда сот шешіміне наразылар жиналды (видео)

/image/2019/06/04/business-attorney-1024x683.jpg

Нұрсұлтанда 4 маусымда "Нұр Отан" партиясының бас ғимаратына "сот үкіміне наразымыз" деген адамдар жиналып, шағымдарын жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жиынға сот шешіміне наразы ондаған адам жиналған. Олардың ішінде "заңсыз сот шешімінің негізінде жалғыз баспанасынан айырылдық", "баласының өлімін дұрыс тергемеді", "жақынын жазықсыз түрмеге отырғызды" деп келгендер бар екен.

Наразылар Алматы, Көкшетау, Петропавл мен Павлодар қалаларынан келген.

"24 мамыр күні "Нұр Отан" партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізбен кездесуін сұрап, ресми шақыру жібергенбіз. Бүгінге дейін ешқандай жауап келген жоқ. Сондықтан өзіміз келіп, кездескіміз келеді. Біз – заңсыз сот шешімін қайта қарау үшін арнайы комиссия құруды талап етеміз", - дейді осы жиынға қатысушы Санавар Закирова.

Нұр-Сұлтан қаласында жүрген алматылық белсенді Санавар Закирова әуелде өзін полицейлер торуылдап, "Нұр Отан" партиясының ғимаратына баруына кедергі келтіргенін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар