Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы Пиджим ауылын сел басты, төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген, оқиға орнында жедел штаб құрылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме бере отырып.
Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Роликтен қатты жауыннан ауыл көшелерін су басқанын көруге болады. Бұл көліктердің жүруін қиындатқан."Су дейгейінің көтерілуінен Пиджим аулындағы бірнеше көше мен ауланы су басты. Апат салдарын жоюға жергілікті атқарушы органның, Алматы облыстық ТЖД, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі, әскери қызметкерлер, Панфилов ауданының полицейлерінен құралған 100-ден астам маман мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға бақылауда", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Алматы облысының ТЖД қызметкерлері 31 мамыр күні нөсер жауын салдарынан өңірде сел жүру қаупі бар екенін тұрғындарға СМС арқылы ескерткенін айтады.
Ұсынған: Бек Байтас
Пікір қалдыру