Маңғыстау - тарихы терең, шежіресі бай өлке

/image/2019/06/05/61432206_1292006954289920_8409090102034169856_n.jpg

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шараның құтықтау сөзінде Маңғыстау атауының мың жылдығына орай, аймақта жүздеген іс шара ұйымдастырылатынын мәлімдеді. актауЕлімізде туған жерге деген отаншылдық идеясын қалыптастырып, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын мемлекеттік рәміздердің мерейлі мерекесін жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. актау

Тағлымы мол «Маңғыстаудың мың жылдығы» атаулы датасын ресми түрде жариялау мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келуі кездейсоқтық емес деді өңір басшысы. Ералы Тоғжанов: «Біз Бірлік пен татулықтың арқасында Тәуелсіздігімізді тұғырына қондырып, Мәңгілік Ел құрдық. Мемлекеттік ту, Елтаңба, Гимн – тәуелсіздіктің символы, елдіктің нышаны болса, «Маңғыстаудың мыңжылдығы» өлкеміздің символы, түп-тамырымыз терең екендігінің айшықты дәлелі. актауМемлекеттік рәміздерде ата-бабаларымыздың өткен жолы мен тарихы көрініс тапса, сол тарихты терең тану, өскелең ұрпаққа насихаттау біздің, аға буынның асыл парызы»,- деп атап өтті. актау

Өңірде Маңғыстаудың тарихын жүйелеу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейде экспедициялар мен конференциялар іске асқан болатын. Нәтижесінде тарих бетінде 1000 жыл бұрын Маңғыстау атауының пайда болғаны дәлелденді. актау
Бір жыл алты ай ішінде 7 елдің 70-ке жуық ғалымдарының Маңғыстау мұраларын зерттеудегі кешенді жұмыстарының нәтижесінде «Маңғыстау атауының мың жылдығы» нақтыланды.актау

Атаулы дата аясында облысымызда «Тарих толқыны: Маңғыстаудың мың жылдығы» халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылып, Ұлы Жібек жолындағы Алтынқазған, Қарақабақ, Қызылқала, Кетікқала қалашықтарына кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, жер асты мешіттері мен таңбалы тастарын ғылыми зерттеу, оларды қорғауға алу шараларын қабылдау іс-шаралары жоспарлануда.актау Сонымен қатар, тарихи - археологиялық ескеркіштерге қызығушылық танытқан дүниежүзілік National Geographic және франциялық Pernel Media компаниялар облысымызда деректі фильмдер түсіреді.актау

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар