Нұр-Сұлтанға келген "Тақтар ойынының" актері Ауғанстанға келдім деп ойлаған (видео)

/image/2019/06/05/714139.dc8a7a850d85cc689028e493901ef997.jpg

"Тақтар ойыны" атты сериалындағы Эурон Грейджояның рөлін ойнаған актер Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен Comic-Con фестиваліне қатысып, сөз сөйледі. 

"Мен 36 жастамын және бұл менің өмірімдегі ең ессіз әрекетім болды. Достар, сіздер әлемдегі ең керемет жанкүйерсіздер. Мен Таяу Шығыста да, Еуропада да болдым. Бәрі жақсы болды. Америкада да іс-шара орташа деңгейде өтті.  Ал Ауғанстанда өткен бұл шара адам таңғаларлықтай өтті" , - дейді актер Пилу Аспек. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар