Мерзімі: 15 қараша 2015 Грант: оқу ақысы және шығындар Оқитын елі: Ұлыбританияда
Сипаттамасы2016- 2017 жж. Ұлыбританияда оқуға арналған Chevening шәкіртақысын алуға халықаралық конкурс жарияланды. Мерзімі: 15 қараша. Chevening шәкіртақысы – Ұлыбритания үкіметінің әлемдік шәкіртақы бағдарламасы. Сыртқы істер министрлігі және серіктес ұйымдар арқылы қаржыландырылады. Магистрлік дәрежені алу үшін шәкіртақы бір жылға беріледі. Chevening бағдарламасының талаптарына жауап беріп, ниет білдірушілерді қатысуға шақырады. Қатысуға мүше елдер: Беларусь, Ресей, Украина, Молдова, Өзбекстан, Қазақстан, Грузия т.б.
Білім берудегі мамандықтар:
- Саясаттану
- Құқық және мемлекеттік басқару
- Экономика, бизнес және инновация
- Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны зерттеу және энергетикалық қауіпсіздік
- Ғылым және космос
- Журналистика
- Ай сайынғы тағайындалатын шәкіртақы
- Жол-көлік шығындары
- Диссертациялық грант
- Виза рәсімдеу құны
- Оқу ақысы
- Осы бағдараламаға қатысатын бір елдің(http://www.chevening.org/maps/world) азаматы болуы;
- Бакалавр дәрежесі немесе одан жоғары;
- Жұмыс тәжірибесі 2 жыл (тағылымдаманы (стажировканы), еріктілікті (волонтерлікті) т.б. қосқанда)
- Ағылшын тілінен деңгей талаптары:
- Academic IELTS (find a test centre) Overall score – 6.5, with a minimum score in each component of: Listening – 5.5; Reading – 5.5, Speaking – 5.5, Writing – 5.5
- Pearson PTE Academic (find a test centre) Overall score – 58, with a minimum score in each component of: Listening – 42, Reading – 42, Speaking – 42, Writing – 42
- TOEFL iBT (find a test centre) Overall score – 79, with a minimum score in each component of: Listening – 17, Reading – 18, Speaking – 20, Writing – 17
- 1-ден 3-ке дейін Ұлыбританиядағы оқу бағдарламасына өтініш беру;
- Ұлыбритания азаматы болмауы және бұрын кез келген мемлекеттік грантпен осы елде оқымаған болуы;
Источник:
http://grantist.com/ Дайындаған Қания Табыс