AMD және Samsung компаниялары стратегиялық серіктестік орнатты

/image/2019/07/11/crop-9_72_593x1264_amd-logos.jpg

 

AMD компаниясы және Samsung Electronics AMD Radeon базасына негізделген өте қуатты, жоғары өнімді графикалық технологиялар саласындағы көп жылдық стратегиялық серіктестік орнататыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Samsung серіктестік орнату аясында AMD графикалық IP-блоктарына лицензия береді және озық технологияларды құруға бағытталады. Мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін арттыру үшін графика аумағындағы мәселелер реттеледі.

«AMD компаниясымен серіктестік орнату нарықта инновациялық графикалық өнімдерді ұсынуға және болашақтың мобильдік құрылғыларын дамытуға мүмкіндік береді», - деді Samsung Electronics компаниясының System LSI бағытының президенті Иньюп Канг.

«Жеке компьютерлерге, ойын құрылғыларына, Radeon графикалық технологиясын енгізу айтарлықтай дамып келеді. Және біз Samsung сынды ірі компаниямен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымын. Бұл біз үшін мобильді құрылғылар нарығында графикалық инновацияларды жасап шығуға үлкен мүмкіндік ашып отыр», - деді AMD компаниясының президенті Лайза Су.

AMD компаниясы мен Samsung арасындағы серіктестік шарты мобильді құрылғылар үшін RDNA жоғары өнімді графикалық архитектураға негізделген лицензияны алуға жол ашады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар