Құндылық... құндылық деп адам санасымен біртұтас, бірге өмір сүретін ақиқатты, мәнді айтамыз... Себебі адам еріксіз оны іздейді, сүйеді, сүйенеді, сонымен тыныс тіршілігін мәнге айналдырады. Демек құндылық пен адам санасы біртұтас. Егер адам санасы трансформацияға ұшыраса, адамның тіршілігін ұстап тұрған құндылықтар да "жібек матадай" сөгіліп кете барады...Міне қазір ең басты соғыс елімізде санаға жасалып жатыр. Ол БАҚ, Теледидарларда жаппай көшіріліп жатқан бағдарламалар, С
ериалдар, Интернетте, діни хужраларда, жамағаттарда, мемлекеттік саясатта бәрі қазаққа қарсы оның мәдени қабаттарына, тарихи, ұлттық санасына бағытталып жатыр. Ал қазақ халқы мына елді, мемлекетті өзінің бақыты мен баяндылығы үшін құрған болатын.Бірақ мемлекет саясатында қазақ бақыты ең соңғы орында тұр...Мемлекеттік идеология тетіктері мен принциптері әлі жұмыс істемейді... міне ширек ғасыр толып отыр...Досай Кенжетай, facebook
Пікір қалдыру