Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров 2018 жылы 7,58 миллион рубль табыс тапқан. Бұл туралы республика әкімшілігінің сайты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Теңгеге шаққанда бұл сомма 44,8 миллион теңгені құрайды. 2017 жылы Рамзан Қадыров 6,93 миллион тапқан. Оның жекеменшігінде 2344,3 шаршы шақырымды құратын үй және 3668 шаршы шақырым жер телімі бар.
Республика басшысының отбасының пайдаланылуындағы үй 300 шаршы шақырымды құрайды. Қадыровтың жары 2018 жылы 60 мың рубль тапқандығы жайлы деклорацияда хабарланған. Сонымен қатар әйелінің иелігінде 209,8 шаршы шақырым құрайтын пәтері бар. Декларацияға сәйкес Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлдарының бірі алдыңғы жылы 210,8 мың рубль пайда тапқан.
Аударған: Бек Байтас
Пікір қалдыру