"Иә, мен Тоқаевтың жеңісін мойындадым": Қосанов өзін қолдаған азаматтардан кешірім сұрады

/image/2019/06/10/f19544ef61aa6c2b2032.jpg

Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтанда журналистер мен сайлаушыларға пресс-конференция өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Қосановқа дауыс берген азаматтар сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтса, біршама азаматтың дауыс беру құқықтары бұзылған. 

Қосанов Тоқаевтың жеңісін мойындайтынын айтты. Оған қоса, ол бұл оппозияцияның үлкен жеңісі болды деген ойда.

"Иә, мен Тоқаевтың жеңісін мойындадым. Маған осы уақыт бойы насихат жұмыстарында көмектесіп келе жатқан әріптестеріммен де кеңестім. Мен шын мәнінде реалист бола отырып, мемлекеттік машинаны біле отырып, бүгінгі күні біздің мүмкіндіктерімізді қарай отырып, 15.9 пайызды мойындадым. Сондықтан кейінгі сайлауда биліктің өзіне ұят. Менен кейінгі кандидатты немесе партияны 6-9 пайызға төмендетуге жол берілмейді. Мен шамамен 15 пайыз дауыс жинадым. Бұған дейін мұндай сандар болған жоқ. 15% – бұл бірінші рет. Қазақстанның оппозияциясы үшін бұл-жеңіс! Кез-келген партиясыз, ресурстарсыз біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Мен қазақ оппозициясындағы легитимизацияны көтердім. Менің ойымша, бұл үлкен психологиялық, саяси жеңіс",-деді Қосанов.

Сөз соңында Қосанов өзіне дауыс берген азаматтардан кешірім сұрады. Ол бұл нәтиженің үлкен жеңіс екенін атап өтті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар