"Алматы марафонында" жаңа рекорд тіркелді

/image/2019/06/11/jfx1a1nf.jpg

21 сәуір күні еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы шаһарында дәстүрлі «Алматы марафоны» өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 


Ұйымдастырушылардың есебі бойынша, марафонға 17 мыңға жуық адам қатысқан. Марафоннның негізгі мақсаты бастама қолға алынған алғашқы жылдардан бастап жиылған қаражатты қайырымдылық мақсаттарға, спорт алаңдарын салуға, интернаттарға, хоспистерге арнайы және спорттық техниканы сатып алу және т.б. жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.


Бұл мақсаттарға қол жеткізу марафонға қатысушылардың жарнасы арқылы жүзеге асады. Ереже бойынша қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты түрлі қашықтыққа бөлініп, сайысқа түсті.

Қатысушылар алты деңгей бойынша бақ сынады. Атап айтсақ, дәстүрлі марафон (42 км 195 м) 18 жастан асқан қатысушылар үшін; 18 жастан асқан қатысушылар үшін жарты марафон (21 км 97,5 м); 15 жастан асқан қатысушылар үшін спутниктік жарыс (10 км); 15 жастан асқан қатысушыларға арналған жаяу жүру (10 км); 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға (3 км); 16 жастан асқан алты адамдық командалары үшін Ekiden корпоративтік эстафетасы (42 км 195 м) ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысында, 42 км-ге дейін 195 метр қашықтықты 2 сағат 28 минутта бағындырған Өзбекстаннан келген қатысушы Зикрилло Маматкулов марафон рекордын орнатып, чемпиондық атаққа лайық деп танылды. Сонымен бірген, Өскемен қаласының тұрғыны мен көршілес Ресей елінен келген қатысушы да жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыстың биылғы жүлде қоры 2 940 000 теңге.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап «Алматы марафоны» AIMS халықаралық ассоциациясының құрамына енген. Сондай-ақ, Алматы марафонының трассалары AIMS және IAAF ережелері бойынша сертификатталған және «B» санатына ие.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар