Соңғы саяси ахуалдарға байланысты Алматы қаласының тұрғындары өз ойын білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Біз тыныштықты қалаймыз, елімізде бейбіт өмір сүргіміз келеді. Бірақ осылайша шу шығарып, жақсылықты күтіп отырғымыз келмейді. Біз дамыған, тәуелсіз елде тұрамыз. Не себепті біз өз дәрежемізді түсіріп, бассыздыққа жол беруіміз керек? Біз керісінше белгілі бір деңгейде өсуді ойламаймыз ба? Адамдар балаларының болашағы үшін тыныштықты қалағаны дұрыс. Біз бәрінен де балаларымыздың болашағы үшін қорқамыз. Осылай жалғаса берсе, олар бізден не күтеді? Қалай тәрбиелейміз? Балаларымыз сыртта жүріп, болған оқиғаларды бақылап, айтып келеді. Шынын айтсақ олар қорқып қалған. Біз бейбіт елде өмір сүргіміз келеді. Бәріне тыныштық тілейміз", - дейді.
Алматы қаласының тұрғындары бейбіт жолмен шешіліп, мұндай бассыздықтарға жол берілмеуін қалайды. Соғысып, қан төгілетін ұрыстар өткен күннің еншісінде кеткен, қазір барлығын саналы түрде шешіп, байыпты амалын іздейтін уақыт жетті дейді.
Пікір қалдыру