Путинмен кешкі ас ішкені үшін сотталған әртіс кім?

/image/2019/06/17/64_original.jpg

Италияндық жұлдыз Путинмен кешкі ас ішкен үшін 6 ай түрмеге қамалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап. 

Италияндық актриса Орнелла Мути 2010 жылы жалған медициналық анықтама берген.  

“2010 жылдың желтоқсан айында Мути театрдағы қойылымда рөл ойнау керек болған еді. Бірақ ол жалған анықтама берген. Бұл күні ол Владимир Путин қатысқан Санкт-Петербургте өткен қайырымдылық кешкі асында болды”, - делінген іс материалында. 

Театр басшылығы сотқа жүгініп, Мутиді жалған анықтама берді деп толық гонорарды төлеуге талап етті. Сот шешімі бойынша актриса театрға 30 мың еуро төлесе, 6 ай түрмеден құтылады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар