BoxingScene.com порталының танымал сарапшысы Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) қартая бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының мәліметін негізге ала отырып.
"Меніңше, Головкин өзін жақсы көрсетті. Роллс секілді боксшыларды Головкин әп-сәтте жеңеді. Кездесудің бастапқы раундында Роллс сияқты боксшылар жеңіліс табады. Головкиннің басты проблемасы - ол өз деңгейіне қайта орала алмай жүр. Геннадийдің жасы 37-де, оның боксшы ретінде қартайып жатқанын көріп тұрғаным жоқ. Ол VADA үшін әрдайым допинг-сынақтардан өтеді. Головкин жоғары дейгейлі кездесулер өткізіп жүргенде көп боксшы одан қашқан еді. Ал "Канело" - ұлы боксшы, оған қоса ол әлі жас. Негізі допинг қолданбайтын боксшылар 37 жасында қартаяды. Адам солай жаратылған. Көптеген боксшы 27 жасында мықты болған, бірақ 37 жасында емес. Бұл пікірім оның машықтарын жоққа шығармайды. Әлі күнге дейін оның соққысы мықты. Бірақ оның жылдамдығы азайып келеді. Сондықтан оған енді жас боксшылармен жұдырықтасу қиынға соғады", - дейді ол.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген алғашқы жекпе-жегі.
Пікір қалдыру