Ресейлік ғарышкерлерге балағаттауға тыйым салынды. Бұндай талап “Роскосмос” жасаған кәсіби этика туралы кодексте пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі “Москва 24” сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қызметкерлерге мемлекеттің ғарыш саласын сынға алуға болмайды. Тіпті әлеуметтік желілерде “керек емес” сөздерді қоспауға талап етеді. Онымен қоса, ғарышкерлер салауатты өмір салтын ұстану, бүкіл тіршілікке адамгершілікпен қарауға және іскерлік стильмен киіну керек.
Талаптарды бұзса, ғарышкер қатаң сөгіс және қызмет бойынша көтерілу қиынға соғатын болады. Бұл кодекс бойынша қаралым 5-шілде күніне дейін созылады.
Пікір қалдыру